Елордада Қазақстан мен Ресей бірлесіп түсірген «Махаббат тәлкегі» атты романтикалық комедия алғаш рет көрсетіледі

АСТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Ертең, наурыздың 18-і күні елордадағы «Сарыарқа» сауда орталығындағы кинотеатрда Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен ресейлік «Интерфест» компаниясы бірлесіп түсірген «Махаббат тәлкегі» атты романтикалық комедия алғаш рет көрсетіледі.

Бұл ақпаратты Қазақфильмнің баспасөз қызметі таратып отыр.

«Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаевтың мәлімдеуінше, «Махаббат тәлкегі» фильмі алғаш рет ТМД елдеріне, көпшілік көрермен қауымға 600 көшірмесімен таралып отырған алғашқы отандық киноөнім. Бұған дейін түсірілген фильмдердің таралым мөлшері 50 көшірмеден аспайтын.

Романтикалық комедияның тұсаукесер рәсімі 4 мемлекетте Қазақстан, Ресей, Беларус, Украинаның ірі кинотеатрларында өтпек. Атап айтқанда, наурыздың 22-сінде Мәскеудің «Октябрь» кинотеатрында, 23-інде

Киевтің «Гемини» кинотеатры, 21-інде Қазан қаласындағы «Киномакс» кинотеатрында және 20-сында Алматыдағы «Спутник» сауда орталығындағы кинотеатрда көрсетіледі.

Түсірілімі Мәскеу және Астана қалаларында өткен фильмде Алексей Чадов, Әсел Сағатова, Ирина Розанова, Ерік Жолжақсынов, Фархат Әбдраимов, Ольга Орлова, Наталья Рудова, Марина Черняева, Гоша Куценко, Артур Смолянинов сынды танымал актерлер ойнайды.