Іс-шара студенттік қауымдастықтардың көшбасшылары мен белсенділерінің бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Слет жұмысына АҚШ, Германия, Австрия, Канада, Қытай, Ресей, Чехия, Исапния, Малайзия, Корея, Түркия сынды елдердің 67 қазақстандық студенттік ұйымының 200-ден астам делегаты қатысуда.
Алқалы жиын аясында жастар ұйымдарының өзекті мәселелеріне арналған конференция өтіп, «Қазақстандық жастар үшін әлеуметтік парақшалар» шеберлік сыныбы, жастар ұйымдары көшбасшыларына арналған тренинг ұйымдастырылады.
Сонымен қатар слет аясында «Менің елімім - Менің Қазақстаным» патриоттық әндер концерті өтеді.