Елордада қазақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің «Отандық өнім» жалпыұлттық жәрмеңкесі басталды

None
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Елордалық «Көрме» орталығында қазақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің «Отандық өнім» жалпыұлттық жәрмеңкесі ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кеше, мамырдың 11-і күні өткен ашылу рәсіміне Премьер-Министрдің орынбасары Серік Ахметов пен «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев қатысты. «Елбасы мен Үкімет басшысы тауарлар мен жұмыстардағы қазақстандық үлесті арттыруға үлкен назар аударуда, менің ойымша, бұл көрме бәсекеге қабілетті өнімдер өндіруге дайын отырған біздің отандық тауар өндірушілерге қосымша серпін болады», - деді вице-министр С.Ахметов өз сөзінде. Көрме жұмысы мамырдың 15-іне дейін созылады.