деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиынның мақсаты -Тәуелсіз Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында Жолдаудың ғылыми теориялық негізін тереңдете зерттеудің әдісін талқылау. «Жолдауды насихаттау барысында жастар арасында қазақстандық отансүйгіштікті нығайту мен қазіргі тарихи сананы қалыптастырудағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жөнінде түсініктемелер беріледі»,-дейді дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар.
Шара барысында тарих ғылымының докторы, профессор Х.М. Әбжанов «Қазақстанның қазіргі тарихын зерттеу методологиясы» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ онда Мемлекет тарихы институтының жас ғалымдары Теңгеш Қаленованың, Құралай Сәрсембинаның, Дархан Байтілеудің баяндамалары талқыланды.