Атап айтқанда, жеткіншектерге арналған бұл орталықта балаларға арналған дәмхана, төл үлгіде безендірілген арнайы бөлмелер жасақталған.
«Осында қазақтың ұлттық жобалары тұрғысында негізге алынған бастамалар көп. Яғни, ойыншықтар мен бұйымдарда, киім-кешектерде ұлттық нақышты байқауға болады. Барлық ойыншықтар мен киімдер тек Қазақстан үшін арнайы жасалды. Бұл жобаны жүзеге асырудан бұрын біз қазақтың болмыс-бітімін зерттеп, әр ою-өрнектің мағынасына ерекше мән бердік»,-деді орталық директоры Елена Хамхоева.
Сатылымға қойылған қуыршақтардың үлгісі мен басқа да ойыншықтар қолданбалы өнер шығармашылығына негізделіп жасалынған. Арнайы тапсырыспен шетелде дайындалған қуыршақтарға Әсел, Әділ және Назерке атты есімдер берілді.