деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алқалы жиын барысында мұнай-газ саласының мамандарына лайық кәсіби стандарттарды жасап шығару мәселесі қозғалды. Сонымен қатар осы сала қызметкерлерін оқыту ісіне шетелдік компанияларды да жұмылдырып, тиісті сараптамалық құжаттар мен хаттамаларды дайындау мәселесі де пысықталды.
Отырыста «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Шолпан Ержігітовамен аталған кеңестің тең төрағасы Асан Нұғымановтың баяндамалары тыңдалды.
Ашық диалогқа «KazEnergy» мүшелері мен әріптестері, соның ішінде «ҚазМұнайГаз» ҰК», «Statoil», «KEGOC», «Lukoil Overseas Service Ltd», «Karachaganak Petroleum Operating B.V.», «Agip Karachaganak B.V.» сияқты бірқатар акционерлік қоғамдардың, Қызметкерлерді дамытудың бірыңғай орталығының (ҰДБО), ҚР Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері қатысты.