Елордада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионды әлі сүріп жатыр

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Ескі стадионды сүру жұмысы жалғасып жатыр. Оқиға орнында Kazinform агенттігінің фототілшісі болып келді.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, техникалық тексерулерге сәйкес, стадионның қолданыстағы стендтері құлау алдында тұрды. Осыған байланысты қайта жаңғыртпай, толық бөлшектеу және жаңа стадион салу жоспарланған. Сондықтан құрылыс-монтаж жұмыстары созылып отыр. 

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Жаңа жоба бойынша ауданы 7140 шаршы метр болатын, көлемі 105 м х 68 м ойын алаңы бар UEFA стандартының 3-санатындағы 4500 орындық стадион салу жоспарланған. 

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

- Жабық үлгідегі жобаны іске асыру туралы шешім қабылданып, жобалау жұмыстары ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта эскиздік жоба әзірленіп жатыр. Келісімді алғаннан кейін жабық үлгідегі стадионның эскиздік жобасы мемлекеттік сараптама порталына жүктеледі. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ғимараттың құрылысы бойынша жұмыстар басталады, - деп түсіндірді Астана қаласының әкімдігінен.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Еске сала кетсек, 2021 жылы елордадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы ескі стадионның апаттық жағдайда тұрғаны айтылды. 

Ал былтыр ақпанда стадионның орнына жаңа жабық спорт кешені бой көтеретіні белгілі болды.