Жиын барысында Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаев Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік және еліміздің кеден органдарын дамыту жоспары туралы кеңінен баяндады.
Оның атап өтуінше, Кеден комитеті Кеден одағының шекарасы арқылы автокөлік құралдарын тасымалдау рәсімін жетілдіру мақсатында шетелдік автокөліктердің ҚР аумағы арқылы тасымалдануына рұқсат беру мәселесін қарастыру туралы ұсыныс білдірген. Аталған шаралар осы қызметтің парақорлығын азайтады және белгіленген жерге дейін тауарлардың жеткізілу құнын 10 есеге арзандатуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар комитет төрағасының сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы «Экспорт» рәсімін электронды түрде декларациялау қарастырылса, ал 2013 жылы кедендік рәсімдердің 17 түрі бойынша электронды декларациялау қарастырылуда.