Ведомствоның ақпаратына сәйкес, кеше елорданың Алматы ауданында «Кедентранссервис» ЖАҚ-ның 25 жастағы жүк тиеушісінің үстінде белгісіз жағдайда металл зат құлап кеткен. Оқиға салдарынан жарақат алған азамат ауруханаға жеткізілді.
11:24, 18 Наурыз 2012
Елордада «Кедентранссервис» ЖАҚ-ның жүк тиеушісі белгісіз жағдайда зардап шекті
АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Елордада «Кедентранссервис» ЖАҚ-ның жүк тиеушісі белгісіз жағдайда зардап шекті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.