Елордада кейбір интернет-ресурстар ашылмай қалуы мүмкін - министрлік

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елордада интернет-ресурстарға қолжеткізу мүмкін болмай қалу жағдайлары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Қазіргіуақытта құзырлы мемлекеттік органдар байланыс операторларымен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласында азаматтарды, мемлекеттік органдарды және жекеменшіккомпанияларды хакерлік шабуылдардан, интернет-алаяқтардан, түрлікиберқауіптерден қорғау мақсатында техникалық жұмыстарды жүргізуде. Жекелегенинтернет-ресурстарға қолжеткізу мүмкін болмаған жағдайда мобильдіқұрылғыларыңыздың (ұялы телефон, планшет) тіркелгенін немесе тіркелмегенінтексеруді және қауіпсіздік сертификатын (байланыс операторларының сайтындаорналастырылған) орнатуды ұсынамыз», - делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ, жағдайды реттеу үшін өз байланыс операторыңыздың call-орталығына хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар