Елордада кезекті #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 3 тамызда Нұр-Сұлтанда кезекті қалалық #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы өтеді. Экологиялық акция аясында Майбалық көлінің жағалауы тазаланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған орай, қалаәкімдігі елорда тұрғындарын, еріктілерді, қоғам қайраткерлерін, экологиялықбелсенділерді және барлық мүдделі адамдарды экологиялық акцияға қатысуғашақырады. Қатысушыларды жинау және көлікке отырғызу 8.00-де, Б.Момышұлы даңғылы1, «Astana Music Hall» мейрамханасының тұрағында өтеді.

Акция сағат 10.00-де басталады.

Естеріңізге салакетейік, 20 шілде күні Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғиресурстар министрлігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласындақоқыс жинауға арналған экологиялық акция өтті.

Елорданың суқоймаларының айналасын тазарту жөніндегі экологиялық науқан мемлекеттікоргандардың да, қоғамдық ұйымдардың да, еріктілердің де, елорда тұрғындарыныңда, бүкіл Қазақстанның қолдауына ие болды.

Акция аясындаәуежайдан Қарағанды тасжолына дейінгі айналма жол бойындағы Есіл және Қарасуөзендерінің жағалауы, Майбалық көлі мен Вячеславск су қоймасы тазаланды.

Нұр-Сұлтанқаласының 4 локациясында өткен #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы5000-нан астам адамды қамтыды. Оның аясында 16 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Нұр-Сұлтанқаласының әкімдігі экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіменелорданың айналасындағы су нысандарын тазартудың асыл миссиясын жалғастыру үшінэкологиялық эстафета алды және 2019 жылдың 3 тамызында экологиялық тазартуформатында акция өткізеді.