Елордада «Кинезис» Функционалды оңалту орталығының жаңа ғимараты ашылды

ыздың 4-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін  «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының ғимаратында «Кинезис» Функционалды оңалту орталығының филиалы ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онда тірек-қозғалыс дене мүшелерінің ауруларына шалдыққан адамдар емделеді. Орталықтың ұжымы 10 адамнан тұрады. Олар медицина ғылымдарының докторы, медицинада «кинезис-терапия» жаңа бағытының негізін қалаған Сергей Бубновскийдің тәсілі бойынша емдеу сабақтарын жүргізеді. Алдымен науқастар жалпы тексерістен өтеді. Одан кейін 12 арнайы сабақтан тұратын алғашқы цикл басталады. Кейіннен науқастар жаттығып, сауығу шараларымен өздігімен айналысады.

Орталықтың директоры Валерий Коноваловтың айтуынша, орталыққа тек науқас адамдар келмейді. Балалардың көбісінде омыртқаның қисаюы ауруы кездеседі. «Ал 30-40 жастан асқан адамдарда  остеохондроз ауруы кездеседі. Біз әрбір науқас үшін жеке бағдарлама құрамыз», - деді ол.