Қазіргі уақытта қоғамдық көліктердің қолданыстағы бағдары, кестесі сонау Ақмола қаласы кезінен қалыптасқан. Бұрынғы бағдарлар қаланың өсуіне, құрылыс нысандарының салынуына байланысты бірте-бірте ұзартылып, біресе оңға, енді бірде солға бұрылатын болды. Яғни, келеңсіз қалыптасып отыр. Әрине, бұл жолаушылардың баратын жеріне жылдам жетуіне кері әсерін тигізеді», - деді ол.
Оның атап өтуінше, аталған келеңсіздіктерді жою үшін шетелдік Тиксо компаниясымен бірлесіп, қаланың қоғамдық көліктері бағдарына ғылыми сараптама жүргізілген.
«Сараптамалардың нәтижесінде біз Астана қаласы тұрғындарының қажеттілігін ескере отырып, автобус бағдарларын өзгерету туралы шешім қабылдадық. Жалпы, қазір 50 бағдар бар. Ал өзгертулер орын алғаннан кейін олардың саны 76-ға жетеді. Ол үшін жаңадан экспресс бағдарлар енгізіледі. Бұған қоса, ұзақтығы шамадан тыс 12, 41, 42, 50 сияқты 7 бағдар екіге бөлінеді. Бұл әрине, халықтың баратын жеріне тез жетуіне мүмкіндік береді. Ең бірінші кезекте бұрынғы 26 бағдардың бөлінуіне байланысты олардың саны 33-ке артып, ертеңнен бастап іске қосылады. Оның ішінде 104 және 130-шы бағдардағы сыйымдылығы шағын көліктер автобусқа ауыстырылады. Мұнан бөлек, 17 бағдарға ішінара өзгерістер енгізіледі», - деді Ә.Тамабаев.