«Бізде жүргізушілер тапшылығы ерекше сезіліп отыр. Осы мәселені шешу аясында былтыр мемлекеттік кәсіпорындарда олардың жалақысын 20 пайызға өсірдік. Одан кейін жекеменшік парктер де жалақыны көтере бастады. Биыл 1 маусымда біз оны 15 пайызға өсірдік, сондай-ақ алдағы қазан-қараша айларында тағы 10 пайызға көтеруді жоспарлап отырмыз», - деді Б. Тайбергенов Астана қаласы мәслихаты тұрақты комиссиясының отырысында.
Оның айтуынша, қалада қоғамдық көлік жүргізушілерінің тапшылығын жою үшін жалақы осылай көтерілетін болады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Астана тұрғындарының 48 пайызға жуығы қоғамдық көлікпен жүреді.
Кейінгі жылдары елордада қоғамдық көлікті субсидиялау сомасы өсті.