«Қоғамдық көлікте жолақы төлемін көтеру жоспарланып отырған жоқ. 2014 жылдан бері жолақысы 90 теңгені құрайды. 8 жыл бойы еш өзгерген жоқ. Әрине, 8 жылдың ішінде бәрі қымбаттады. Бірақ, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жолақының көтерілуіне жол бермейді және қоғамдық көлік шығыстарын субсидиялайды», - деп атап өтті компанияның баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар компанияның түсіндіруінше, тариф көтеру – бұл қоғамдық тыңдау өткізу, мәслихатта жолақының көтерілуін дәлелдеу сынды үлкен жұмыс. Содан кейін ғана тарифке қатысты шешім қабылданады. Ал қазіргі уақытта мұндай әңгіме қозғалып отырған жоқ.