Талапкер арызы бойынша, «Ваз-2106» автокөлік жүргізушісі Ардагерлер көшесінде қарсы жолға шығып, «№1 автобус паркі» АҚ-на тиесілі «Daewoo» маркалы автобусымен соқтығысқаны айтылып, 277 980 теңге шығынды өндіріп беруді сұраған. Сот іс материалдарын зерттеп, талап арызды толық қанағаттандырды. Осыған байланысты жауапкерден «№1 автобус паркі» АҚ-ның пайдасына мемлекеттік бажды қоса отырып 286 480 теңге өндірілді.
07:07, 09 Қаңтар 2015
Елордада қоғамдық көлікті соққан жүргізушінің ісі сотта қаралды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында «№1 автобус паркі» АҚ-ның өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды, деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен.