«Бізде қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына байланысты бірнеше өзгеріс бар. Егер қоғамдық тамақтану орны тұрғын үйлердің ішінде болса немесе оған жапсарлас салынса, онда ол - тұрғын үйге жатады. Яғни оның жұмыс кестесі таңғы 7.00-ден кешкі 22.00-ге дейін жалғасады. Егер қоғамдық тамақтану орны жеке ғимаратта орналасса (яғни тұрғын үйге қатысы жоқ), онда оның жұмыс кестесі таңғы 7.00-ден түнгі 00.00-ге дейін болады», - деп түсіндірді Гүлнәр Калиева тамақтану және сауда орталықтарының иелерімен кездесуде.
Еске сала кетсек бұған дейін елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мереке күндері сауда, ойын-сауық орталықтары қандай тәртіпте жұмыс істейтінін айтқан болатын.
Сонымен қатар ол қоғамдық көлік жұмысындағы өзгерістерді түсіндірді.
26 желтоқсаннан бастап кинотеатрлар күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жұмысын қайта бастайды.