Елордада қоғамдық жолаушылар көлігінің жаңа бағдары ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгіннен бастап елордада қоғамдық жолаушылар көлігінің жаңа бағдары ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 тамыздан бастап жаңа № 45 қалалық бағдар іске қосылады. Жаңа бағдар Алаш тас жолындағы «Орда базар» базарынан бастап «Үркер» тұрғын үй алабына дейін қатынайды. Бағдар Алаш тас жолы – Бөгенбай батыр даңғылы – Республика даңғылы – Қабанбай батыр даңғылы- Сарайшық көшесі- Қ.Мұхамедханов көшесі- Ш. Айтматов көшесі- Қорғалжын тас жолы- ары қарай «Үркер» тұрғын үй алабы арқылы өтед», - делінген «City Transportation Systems» компаниясы таратқан ақпаратта.