Іс-шараның ұйымдастырушысы - «Байқоңыр» ауданының әкімдігі мен қалалық құрылымдар.
Фестиваль аясында қызықты да көңілді шаралар өтеді. Атап айтқанда, арқан тартыс, асық ату, армрестлинг секілді жарыстарды тамашалауға болады.
Сондай-ақ, қазақ күресінен «Байқоңыр барысы» турнирі өтеді. Оған 40-тан астам балуан қатысады.
Шара қаланың сыртында, Павлодар тас жолының бойында полиция бекетінің оң жақ бетіндегі алқапта өткізіледі. Оған №307 автобуспен баруға болады.