Елордада көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жылдағы дәстүрге айналған «Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі» биылғы жылы ерекше аталып өтті, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінің баспасөз қызметі.

«ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» депатауының маңызы мен мақсаты зор. Жастардың келешегіне бағдар беру, жолкөрсету аға буын өкілдерінің басты парызы болып табылады. Осы орайда, ҚРИндустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінің өкілдері көлікқызметкерлерінің кәсіби мерекесін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірлесеотырып, бас қаламыздың ботаникалық бағында атап өтті. Мерекеге орай Көліккомитеті жастардың салауатты өмір салтын ұстану мақсатында жас қызметкерлерарасында жаппай жүгіруден спорттық іс-шара және қала тұрғындары үшін концерттікбағдарлама ұйымдастырды»,-делінген хабарламада.

Кәсіби мерекенің салтанатты түрде ашылуы болып, онда ҚР Индустрия жәнеинфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Самат Гилимов мерекеге орай қызметкерлерге құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ ол мерекелікіс-шараға қатысушы жастарға сәттілік тілеп, мерекенің маңыздылығына тоқталды.

«Қала тұрғындары жүрген жерінде тазалық сақтап, қаламызды күтіп ұстау үшінтұрғындар да өз үлесін қосуы тиіс. Біз қала тұрғындарымен бірге «Менқалам үшін не істей аламын?» - атты акция ұйымдастырып, Ботаникалық бақтыңішіне тазалық жұмыстарын жүргіздік. Сондай – ақ, мереке аясында озатқызметкерлерге Көлік саласының дамуына қосқан үлестері үшін «Құрметтіавтокөлікші» және «Үздік автокөлікші» төсбелгілерін табыс етіп, Құрметграмотасы және Алғыс хаттармен марапаттадық», – деді Көлік комитетінің төрағасыСамат Гилимов.

фото: 24.kz

Соңғы жаңалықтар