«Өрттің көп бөлігі тұрғын үйлерде және көлікте болады. Бүгінгі күні көліктегі өрттердің саны 80 пайызға артып отыр. Әрине, бұған объективті және субъективті факторлар әсер етеді», - деді ол.
Еркін Отарғалымұлының айтуынша, өрттер негізінен пайдалану мерзімі 10 жылдан асатын көлік құралдарында жиі болады. Жүргізушілер көбіне темір тұлпарлардың жай-күйін бақылау мақсатында тексерістен өтпейді.
Сонымен қоса, ол брифинг барысында елордадағы бизнес объектілерді тексеру нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес келмейтін 4 195 дерек анықталғанын айтты.