«Астана Innovations» АҚ қолдау департаментінің хабарлауынша, тиісті ақпаратты алу үшін автомобильдің және техникалық төлқұжаттың номерлерін енгізу керек.
Жаңа қызмет «Тіршілік әрекетін кешенді қамтамасыз ету жүйесі» (ТКҚЖ) мен Астана қаласының әлемнің дамыған 30 «smart» қаласының қатарына енуі жөніндегі шаралар аясында ұсынылып отыр.
ТКҚЖ мақсаты бақылау саласында жаңа технологияларды қолдана отырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Атап айтқанда, бір уақытта бірнеше ЖҚЕ бұзу жағдайларын тіркеуге мүмкіндік беретін (жылдамдық режімін бұзу, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне жүру және белгіден асып тоқтау) жол қозғалысы ережелерін автоматты фото және бейнетіркеу жүйесін қолдану.
Бүгінде бейнебақылау камералары қаланың көлік ағыны мол қиылыстарында орнатылған. Құралдар жолдың қандай да болмасын бөлігінде жол берілген бұзушылықтарды ұдайы бақылап тұрады.