— Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл автокөлік жүргізушісі Тоқпанов көшесімен Шарль де Голль көшесіне қарай бағыт алып келе жатып, кенет өзін нашар сезініп, көлікті басқара алмай қалған. Оқиға салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, — деген хабар алдық полиция департаментінен.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
— Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті. Қазір тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — делінген хабарламада.
Бұған дейін елордада серуен жолы опырылып түсіп, бойжеткен зардап шеккені туралы жазған едік.