«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі карантин уақытында «Қолымдағы кітап» акциясын бастады. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында кітап оқу мәдениеті насихатталатын болады. Қатысушылар карантин уақытында өздері оқып жатқан кітапты таныстырады. Сондай-ақ өздерінің сүйікті авторларымен, шығармаларымен бөліседі.
Акция барысында кітапқұмар блогер және қоғам қайраткерлерімен тікелей эфирлер, онлайн сұхбаттар ұйымдастырылады.
Онлайн іс-шараның тұсаукесері блогер Айнұр Бұлақбаймен өткізілді. Тікелей эфир барысында ол кітап оқуды қалай әдетке айналдыру, жылдам оқу техникасының құпияларымен бөлісті. Эфир барысында көрермендер өз сұрақтарына жауап алды.