деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Алқалы жиын жұмысына Елбасы Н.Назарбаев қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ іс-шараға еліміздің орталық мемлекеттік органдарының басшылары, беделді халықаралық ұйымдар мен құқық қорғау институттарының, конституциялық бақылаудың халықаралық органдарының, отандық және шетелдік ғылыми қаумдастықтардың өкілдері қатысады.
Конференцияны Конституциялық кеңес, Адам құқығы жөніндегі уәкілдік, ҚР Бас прокуратурасы, Құқық арқылы демократия үшін еуропалық комиссиясы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырады.