Елордада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Фото: Астана қаласы ТЖД

АСТАНА. KAZINFORM – Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«29 сәуірде сағат 14:45-те елордалық өрт сөндірушілер Ш.Құдайбердіұлы 32 мекенжайына барды. Анықталғандай 3-і қабаттағы пәтердің балконында 10 шаршы метрді құрайтын үй заттарын от шалған. Өрт сағат 15:15-те сөндірілді», - делінген хабарламада. 

Ақпаратта айтылғандай, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 

«Қазір өрттің себебі анықталуда. Тілсіз жаумен күреске 3 бірлік техника мен Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 13 адамы жұмылдырылды», - дейді департаменттен.