Елордада көпбалалы аналарды қолдайтын орталық ашу ұсынылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов отбасы институтын қолдау орталығын ашуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өз сөзінде Алтай Көлгінов қалада осы уақытқа дейін көпбалалыжәне аз қамтылған отбасыларды қажетті мамандықтарға бейімдеу мәселесіқарастырылмағанын айтты.

«Осыны ескере отырып, осындай орталықты Нұр-Сұлтан қаласында құруды ұсынамын. Орталықалдымен әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың мәліметтер базасын жасақтайды.Содан кейін әлеуметтік әлсіз топтарды соның ішінде көпбалалы, мүмкіндігішектеулі бала тәрбиелеп отырған және тағы басқа да мұқтаж отбасылардыңмүшелеріне толық әлеуметтік көмек көрсететін болады», - деді ол.

Әкімнің айтуына қарағанда, орталық құқықтық, психологиялықкеңестер беріп, медициналық тексерулерге жолдама ұсынатын болады.

«Отбасы институтын қолдау орталығы аналарға қолайлы болуүшін «Open space» негізінде жасалады және балаларға қарайтын шағын балабақшаныңжұмысы ұсынылады. Осы мәселеніреттеуді орынбасарым Бақтияр Мәкенге тапсырамын» – деді әкім.

Соңғы жаңалықтар