Тәуелсіздік күніне орай астаналық 6 және одан да көп баласы бар аналарға «Алтын» және «Күміс» алқалар табысталды. Осылайша, «Алтын алқа» белгісімен көпбалалы ана Гүлжан Оспанбаева марапатталса, одан бөлек 14 анаға «Күміс алқа» белгісі салтанатты түрде берілді. Сонымен қатар, алқа иегерлері арнайы сыйлықтарға да ие болды.
Іс-шараға қатысқан қонақтар арасында көп балалы аналардың жақын туыстары да болды. Қонаққа келген ақ жаулықты әжелер шашу шашып, ақ баталарын берді. Сондай-ақ, олар жас ұрпаққа өздерінің өмірлік өнегелерін айтып, құнды кеңестерімен бөлісті.