Елордада көпқабатты үйден өрт шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада көпқабатты үйден шыққан өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 17:39-да өрт сөндіру бөлімшелері Мәңгілік ел көшесінде көппәтерлі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама бойынша оқиға орнына аттанған.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минуттың ішінде жеткен кезде көпқабатты тұрғын үйдің 7-қабатында өрт шыққаны анықталды. Қазіргі кезде өрт орнында елордалық төтенше жағдайлар департаментінің 23 маманы мен 7 техникасы жұмыс істеп жатыр. Тұрғындарды қауіпсіз жерге шығару жұмыстары жүргізілуде. Өрт сағат 18:05-те оқшауланды», - деп атап өтеді департаменттен.







Видеодан алынған кадр