Елордада көпқабатты үйдің терезесінен қоқыс лақтырған әйел айыппұл төлейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен қоқыс лақтырған әйел айыппұл төлейді, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құқықбұзушылық 8 қыркүйек күні Сығанақ көшесі бойындағы тұрғын үй кешенінде болды. Жергілікті полиция қызметкерлері оны 54 жастағы әйелдің жасағанын анықтады. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Кішігірім бұзақылық. Жалпы пайдаланатын орынды, саябақтарды, гүлзарларды ластау, оның ішінде белгіленген жерлерге коммуналдық қалдықтарды тастау» 434 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Астана сотының шешімімен әйелге 5 АЕК (1 АЕК 2405 теңгені құрайды) көлемінде айыппұл салынды.

Иллюстрациялық фото