Спорт апталығы шеңберіндегі шарада бірнеше спорт түрі бойынша, атап айтсақ ұлттық ойын - асық ату, ауыр атлетика, гір тасын көтеру, қол күресі, каратэ, таеквондо бойынша көреремендер арасында жарыс өткізілді.
Аталған шараның негізгі мақсаты - халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спорт түрлерін көпшілікке таныстыру және жалпы адамдардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Спортттық сайыстарға көрермендер белсенді қатысып, өздерінің бағы мен бабын сынады. Сондай-ақ «Жігер» спорт клубының белді спортшыларының шеберлік сыныптары да өткізілді.