Салтанатты шарағаАмерика Құрама Штаттары, Польша Республикасы, Нидерланды Корольдігі сияқтыдипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, Қазақстанның Мемлекеттікоргандары мен министрліктерінің өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласындағы корейдиаспорасы мен БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанаты шарадаКорея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті ЕлшісіКим Дэсик мырза мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африкадепартаментінің директоры Ержан Мұқаш құттықтау сөз сөйледі.
Ержан Мұқаш елшілікұжымын жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтап, оларға табыс, сондай-ақ екі еларасындағы әрі қарай жемісті ынтымақтастық тіледі.
КореяРеспубликасының Төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэсик бес қабатты ғимараттың құрылысыекі жылға созылып, желтоқсан айында аяқталғандығын айтты. Ол жаңа ғимараттыңтұсаукесерін 24 шілдеде өткізуді жөн көргендерін, Қазақстан мен Кореяарасындағы стратегиялық әріптестіктің 10 жылдығын мерекелеу аясындағыіс-шараның символдық мәнін атап өтті.
«Белгілі бір елдеЕлшіліктің өз ғимаратының болуы, оның елшілік қызметкерлеріне және осы елдегіотандастарға қызмет ету мақсатымен шектелмейді, сондай-ақ олардың елі менқабылдаушы ел арасындағы қарым-қатынас қаншалықты берік екендігін көрсетеді», -деді Ким Дэсик.
Шара барысындақонақтарға қазақстандық және корей музыканттары мен бишілерінің қатысуыменконцерт қойылды.