деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш жарыс Астананың қалалық мәдениет саябағында орналасқан Ұлттық теннис орталығында ұйымдастырылмақ. Оған Жапонияның, Оңтүстік Кореяның, Үндістанның, Малайзияның, Тайландтың, Қырғызстанның, Өзбекстанның және Қазақстанның құрама командалары қатысады.
«Қазақстанның құрама командасы өте мықты. Ол болашақта көшбасшылардың қатарында болатынына күмәнім жоқ. Дегенмен, жоғары деңгейге, үлкен жетістіктерге жету үшін көркем гимнастика саласына мамандандырылған кешен салу қажет», - деп атап өтті Халықаралық гимнастика федерациясы техникалық комитетінің президенті Мария Жижковская.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыс Қазақстанда алғаш рет өткізіліп жатқандықтан, оларға үлкен жауапкершілік артылған.