«Қалада елордалықтардың таңдауына 3 түрлі вакцина бар: отандық QazVak вакцинасы, ресейлік Спутник пен қытайлық Синофарм», - деді Ж. Прімқұлов.
Оның айтуынша, қалада вакцинацияланғандар арасында өтетін екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойынының уақыты ұзарды. Осылайша, 25 маусым мен 28 қыркүйек аралығында (28 қыркүйек күнін қоса алғанда, бұрын 31 тамыз болған) Нұр-Сұлтанда екпе алғандардың екі бөлмелі пәтер ұтып алу мүмкіндігі бар. Ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 28 қыркүйегі аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындар қатыса алады. Бұл ұтыс ойынына вакциналаудың барлық пункті қатысады.
Бұрын хабарлағандай, елордада коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеді.