Елордада Қошқарбаев көшесі жөндеуге жабылады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13-21 шілде аралығында Астанадағы Рақымжан Қошқарбаев көшесінде көлік қозғалысына жартылай шектеу қойылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты .

«Рақымжан Қошқарбаев көшесінде Сарыкөл көшесінен Мағжан Жұмабаев көшесіне дейінгі аумақта асфальтбетон жабынын қайта салу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 13 шілдеден 21 шілдеге дейін көлік қозғалысына жартылай шектеу қойылады», - делінген хабарламада. 

Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала көшелерінде кептеліс жағдайларын тудырмас үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес беріледі.