Қойдың көбі Түркістан облысында – 5,9 млн бас.
Одан кейін тізім басында Жамбыл және Алматы облыстары: 3,9 млн және 3,2 млн бас.
Қой саны әсіресе елордада қатты өскен – 39,4%-ға. Алматыда керісінше қой басы 21,6% азайған.
Айта кетейік, қойдың 48% халықтың жекежайында, тағы 47%-ы жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының, қалған 5% - шаруашылық кәсіпорындардың қолында.
Сонымен қатар биылғы 5 айда ешкі саны былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,7%-ға артып, 3,2 млн бас болды.