Елордада ҚР Конституциясы күніне арналған мерекелік шаралар басталды

АСТАНА. 30 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Конституциясы күні елорда тұрғындары мен қонақтары мемлекеттік мерекеге арналған қызықты мерекелік бағдарламаны тамашалай алады. Бүгін Астанада мәдени шаралар мен мерекелік концерттер өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінен.

Басты мерекелік шаралар өтетін орын - «Бәйтрек» монументінің жанындағы алаң. Таң атысымен мұнда сахнаға шыққан қаланың шығармашылық ұжымдары мен отандық эстрада жұлдыздары Астананың тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлауда. Концерттік бағдарлама таңертегі 10-да 2 музыкалық мектебінің тәрбиеленушілері мен «Айналайын» хорының концертімен ашылды.

Орталық алаң мен Әкімдік алдында күні бойы концерт өтеді, ол Қазақстан эстарада жұлдыздарының қатысумен өтетін мерекелік би кешімен аяқталады. Таң атқаннан мұнда балалардың шығармашылық ұжымдарының концерті басталды, ол сағат 13.00-ге дейін жалғасады, ал Мемлекеттік филармонгияның концерті 13.00-ден 16.00-ге дейін өтеді, ал Астананың шығармашылық ұжымдары сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін өнер көрсетеді.

Конституция күніне арналған басты мерекелік концерт Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысумен Астананың орталық алаңында сағат 18.00-ден 21.00-ге дейін өтеді.