Концертте ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлзира Бөкейханқызы, мәдениет қайраткері Естай Мұқашев, Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты Нұрай Танабаев, Әміре Қашаубаев атындағы республикалық байқаудың жеңімпазы Ерлан Рысқали, Данияр Мұқан, Перизат Тұрарова, Шәмші Қалдаяқов әндері байқауының лауреаты Күнсұлу Тұрлыбекова өнер көрсетеді.
Концертте Өскенбайдың «Қазақстан», Тәттімбеттің «Көш жанаған», Н.Тілендиевтің «Өз елім», Е.Үсеновтың «Ұран күй» шығармалары орындалады.