Елордада ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай мемлекеттік органдар арасында жылдам шахматтан турнир өтуде

None
 АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін елордада ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай мемлекеттік органдар арасында жылдам шахматтан турнир басталды.

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған шараға барлық министрліктердің, агенттіктер мен ҚР үкіметі Орталық аппаратының, ведомстволарының, сонымен қатар ұлттық компаниялардың 21 командасы қатысуда.

Астана қаласының шахмат федерациясының және елорда әкімдігінің қолдауымен осы біріншілікті ұйымдастыруды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қолға алғандығын айтқан аталған ведомствоның төрағасы Әлихан Бәйменов: «Себебі, Елбасының сан қырлы саясатының ішінде жалпы спортқа, оның ішінде зияткерлік ойындарға, оның ішінде шахматқа ерекше мән беретіндігін өздеріңіз білесіздер. Құдайға шүкір, шахмат әлем таныған зияткерлік ойын. Мен Тоғызқұмалақ федерациясынң төрағасымын. Ол біздің ұлттық ойынымыз. Ал шахмат бүкіл әлем мойындайтын зияткерлік ойын», - деді.

Сондай-ақ ол турнирдің ашылу рәсім барысында қатысушыларға табыс тілеп, шахматтан 4 дүркін әлем чемпионы Жансая Әбдімәлікке арнайы сыйлық табыстады.