Спартакиадаға республиканың әр өңірінен 21 команда және Омбы, Байқоңыр қалаларынан спортшылар қатысуда. Екі күнге созылатын жарыстың барысында командалар өрт сөндіру-құтқару спорты, шаңғы жарысы, үстел теннисі, волейбол және шахматтан сынға түседі.
Ұйымдастырушылар аталмыш доданы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арнап отыр.
«Мұндай жарыстар ведомство қызметкерлерінің тек мамандыққа сай кәсіби деңгейлерін жетілдіріп қана қоймай, олардың жауынгерлік рухтарын нығайтуға және жалпы еліміздің бұқаралық спортын дамытуға үлес қосады»,-дейді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы Сейітқазы Ақасов.