Шақырту орнына келіп жеткен елордалық ТЖД 3-МӨСБ өрт сөндірушілері және жедел құтқару жасағының құтқарушылары ер адамның тереңдігі шамамен 5 метрді құрайтын құдыққа құлап кеткенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар жедел әрекет етіп, тереңге түсіп, ер адамның арқасына тасымалдау көтергішін бекітіп, бірлескен әрекеттермен құтқару арқанының көмегімен 1986 жылы туған ер адамды аман алып шықты.