Елордада күн райы құбылмалы болады

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі.

Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 13... 15°C, күндіз 25... 27°C болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с, екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 18... 20°C, күндіз 31... 33°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 18... 20°C, күндіз 35... 37°C болады.