– Былтыр Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы құрылған болатын. Компания 12 кешенмен жабдықталған. Олар шаһарда мониторинг жүргізеді. Күніне жол ережесін бұзудың 1500 фактісі тіркеледі. Сонымен бірге, аталған кәсіпорын қызметін бастағаннан бері эвакуация жүйесі жұмыс істейді, яғни рұқсат етілмеген жерге қойылып, жолды бөгеп тұрған көліктерді алып, көшірумен айналысады. Одан бөлек, цифрландыру туралы заңға енгізілген нормативтік өзгерістер де бар, соның аясында жол жүру ережелері автоматтандырылады, – деді Еркін Өтебаев сенатор Ләззат Рысбекованың сауалына жауап бере отырып.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада Сәулет-қала құрылысы кеңесі құрылатынын жазғанбыз.