Елордада күн жылынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы үш күнде елордада ауа температурасы +19°C-ға дейін жылынады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, 2 мамырда күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -1...-3°С, күндіз 10... 12 ° С құрайды.

3 мамырда күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0...-2 °С, күндіз 13... 15 ° С құрайды.

4 мамырда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде сынап бағанасы 1... 3 °С, күндіз 17... 19 °С көрсетеді.