Елордада құрбандық шалатын орындар белгіленді
Атап айтқанда, Байқоңыр ауданында 4 орын белгіленген:
«Нұрбереке-555» ЖШС, Алаш тасжолы, 30 («Көк Базар»-дыңартында);
Есжанова А. ЖК, «Жайлау», Алаш тасжолы, Ц 313 көшесі;
«Шәушен» шаруа қожалығы, «Астана-Павлодар» трассасынығ9-шақырымы;
«Темеш» шаруа қожалығы, «Нұр-Сұлтан – Софиевка» автожолының7-шақырымы.
Ал елорданың қалған аудандарында бір-бір қасапқанадан жұмысістейтін болады: Сарыарқа ауданында - «Ұлжан» әмбебап базары (бұрынғы«Саянұр» базары), Есіл ауданында - «Алтын-Таға» базары Қосшы ауылыныңалды, Алматы ауданында - «Метро» сауда үйі («Нұр-Сұлтан-Қарағанды» тасжолы).
Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2019 жылы Құрбан айт мерекесі 11 тамызкүні басталатынын хабарлаған болатын.
«Астрономиялықтұрғыдан Айдың тууы бейсенбі күніне, яғни 1 тамызға сәйкес келеді. Ал, 2 тамыззулхиджа айының бірінші күні болып саналады. Арапа күні 10 тамызға сәйкескеледі. Арапа – қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн. Қажылыққа бармағанмұсылмандар үшін арапа күні ауыз бекіту – мұстахап (жағымды) амал. Әбу Қатаданжеткен хадисте: Арапа күнінің оразасыөткен және келер жылдардың күнәларына кәфәрат (кешірім) болады делінген»,- деді ҚР мұсылмандары дінибасқармасынан.
Жағдайы бар мұсылманның құрбан шалуы –уəжіп (міндет). Құрбандық малы, яғни түйе, сиыр жəне қой (ешкі де) айт намазынан кейінайттың үшінші күні күн батқанға дейін шалынады.
Құрбандық етін үшке бөліп таратуғаболады. Бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілергеберіледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж жандарғатаратылады.
Үшкүндік Құрбанайт мерекесінің алғашқы күні елімізде демалыс болып саналады.