Елордада құрылысы жүріп жатқан ғимараттан өрт шықты
13:26, 20 Қазан 2024
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Нұра ауданында Қазыбек би көшесі бойындағы салынып жатқан ғимараттардың бірінен өрт шықты.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
ТЖМ күштерімен өрт алдын ала 40 шаршы метр алаңда оқшауланды. Нақтыланған мәліметтер бойынша жаңа ғимараттың бірінші қабатында құрылыс материалдары мен жылытқыш жанды.
Бүгін түнде Қарағанды облысында өрттен 3 баланың эвакуацияланғанын жаздық.