Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.
Алматы ауданында көпір кранын құрастыру кезінде 48 жастағы дәнекерлеуші 4 метрлік биіктіктен құлап, түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Елорданың Есіл ауданында «Комсомольский» ТК құрылысын жүргізіп жатқан «ГМУ-14»ЖШС-ның 23 жастағы арматуршысы 5-ші қабаттан құлап,түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Есіл ауданында «Триумфальный» ТК құрылысы жұмыстары кезінде «Фасад Экспо» ЖШС 24 жастағы құрастырушысы 6-шы қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді.