«Сенбі 1 қаңтар күні сағат 05:18-де Астана қаласының Алматы ауданына қарасты Вишневское тас жолында орналасқан «Астана Құрылыстранс» ЖШС-нің аумағындағы тұрмыстық ғимараттан өрт шықты. Өрт орнынан 53 жастағы азаматтың денесі табылды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Ведомствоның атап өтуінше, тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 20 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылған. Қызыл жалын шарпыған аумақ 40 шаршы метрді құрайды.