«Біздің қызметкерлердің 97 пайызы вакцина алды. Кейбір қызметкерлерімізге медициналық тұрғыдан вакцина алуға тыйым салынады. Барлығы 260 қызметкер болса, соның 240-да вакцина паспорты бар. Біздің өнеркәсіп еліміздің 5 аумағында жұмыс істейді. Бәрімізде вакцина алуымыз керек деген бірауыздан шешімге келдік. Мен өзім 16 шілде күні вакцина паспортын алдым. Сол күні менімен бірге біздің 215 қызметкер де вакцина паспортына ие болды. Вакцинаны қалалық №3 емхана дәрігерлерінен алдық. Екпені ұжым болып алатын болғандықтан мамандарды өзімізге, осы орайда өтінішімізді бірден орындаған емхана дәрігерлеріне алғысымыз шексіз», - деді астаналық кәсіпкер Жалғас Ақжігітов.
Оның айтуынша, өзі басқарып отырған өнеркәсіп Ashyq жобасының қатысушысы.
«Қызметкерлер де келушілер де ғимаратқа Ashyq жүйесі арқылы кіреді. Сол үшін де арнайы бұйрық шығардым. Одан бөлек, жұмыста маска тағу, қолды антисептикпен шаю секілді карантиндік талаптар сақталып отыр. Бүгінде жағдай реттеліп келеді. Айтар болсақ, вакцина алған қызметкерлерге қашықтан жұмыс істеудің қажеті жоқ. Біз сауда саласында еңбек етеміз сондықтан қашықтан жұмыс істеу тиімсіз. Деннің саулығы мен жұмыстың тоқтап қалмауы жолында вакцина алған абзал», - дейді ол.