Атап айтқанда, кеше Астана қаласының Есіл ауданында жаңадан салынып жатқан «Хилтон» қонақ үйінің құрылыс жұмыстары барысында 7 қабаттан «Базис» ҚК» ЖШС-нің 30 жастағы құрылысшысы құлап кетті.
Араға 5 сағат уақыт салып, елорданың сол жағалауында орналасқан «Керуен» сауда ойын-сауық орталығындағы құрылыс жұмыстары кезінде 6 қабаттық биіктіктен «Жанәбіл Д.» кәсіпорнының 19 жастағы бояушысы құлады.
Зардап шеккен 2 азамат ауруханаға жеткізілді.